5. Комиссияларды қалыптастыру тəртібі мен олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты жəне осы Конституциялық заңда реттелмеген мəселелер Құрылтай Регламенті арқылы шешіледі.
8-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
40-бап. Депутаттық бірлестіктердің түрлері
1. Құрылтай депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.
Саяси партиялар фракциялары мен депутаттық топтардың өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысын қамтамасыз ету Құрылтай Регламентінде айқындалады.
2. Саяси партиялар фракциялары мен депутаттық топтар Құрылтай Бюросында тіркеледі.
41-бап. Саяси партияның фракциясы
1. Саяси партияның фракциясы - тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Құрылтайда құрылатын, саяси партиядан өкілдік ететін Құрылтай депутаттарының ұйымдасқан тобы.
Құрылтайда əр саяси партиядан бір ғана фракция құрылуы мүмкін.
2. Саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне, ал олар болмаған жағдайда не олардың уəкілеттік беруімен саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне Құрылтайдың, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, тыңдау мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі.
Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттігін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі.
Депутаттық топтың құрамында Құрылтайдың кемінде он бес депутаты болуға тиіс.
43-бап. Құрылтайдағы көпшілік жəне оппозиция
1. Құрылтайдағы көпшілік - Құрылтайда депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия.
2. Құрылтайдағы оппозиция - Құрылтайда өкілдігі бар жəне Құрылтайдағы көпшілікке кірмейтін, əдетте, əлеуметтік-экономикалық жəне (немесе) қоғамдық-саяси мəселелер бойынша көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын саяси партия немесе саяси партиялар.
Құрылтайдағы оппозиция жекелеген мəселелер бойынша Құрылтайдағы көпшілік партиясын қолдауы мүмкін.
Саяси партияның фракциясы Құрылтайдағы қай оппозицияға жататынын тіркеу кезінде көрсетеді.
9-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МƏРТЕБЕСІ
44-бап. Құрылтай депутаты
1. Құрылтай депутатының өкілеттігі оны Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаты ретінде тіркеген кезден басталады.
Депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тəуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мəртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін».
Антты Қазақстан Республикасының Президенті өзі айқындайтын тəртіппен қабылдайды.
2. Құрылтай депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
Осы талаптарды бұзу Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді.
3. Құрылтай депутатының өкілеттігі депутат орнынан түскен, қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен əрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, депутат саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырып алынған жəне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайда тоқтатылады.
1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
4) сайланған саяси партиясынан шыққан немесе шығарылған;
5) сайланған саяси партиясы қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады.
5. Құрылтай депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен жағдайда тоқтатылған кезде, сондай-ақ осы баптың 4-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мандатынан айырылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды жəне Құрылтай депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынуды Құрылтайға енгізу туралы шешім қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде Құрылтай тиісті Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады.
6. Құрылтай депутатының өкілеттігі ол қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен əрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, депутат саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырып алынған жағдайларда тоқтатылған кезде, сондай-ақ осы баптың 4-тармағының 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ол мандатынан айырылған кезде Орталық сайлау комиссиясы осы адамның Құрылтай депутатының өкілеттігінен айырылу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды.
7. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.
45-бап. Депутаттық куəлік жəне депутаттың төсбелгісi
1. Құрылтай депутатының депутаттық куəлігі мен төсбелгісі болады, бұларды сайланған депутат ретінде тіркелгеннен кейін оған Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы береді.
Депутат депутаттық куəлік пен төсбелгіні өз өкілеттігі мерзімі ішінде пайдаланады.
2. Құрылтай депутатының депутаттық куəлігі жəне төсбелгісі туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
46-бап. Құрылтай депутатының өкілеттігi
1. Депутат Құрылтай сессияларында жəне өзі құрамына кіретін оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мəселе бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
1) Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдарын сайлауға жəне оларға сайлануға;
2) Құрылтай отырысының күн тəртібі, талқыланатын мəселелерді қарау тəртібі мен олардың мəні жөнінде ұсыныстар мен ескертпелер енгізуге;
3) Құрылтай сайлайтын жəне лауазымынан босататын не Құрылтай тағайындауға келісім беретін лауазымды адамдардың кандидатуралары жөнінде өз пікірін айтуға;
4) Құрылтай отырыстарында қарау үшін ұсынылатын мəселелер бойынша Құрылтай Бюросына ұсыныстар енгізуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Құрылтай отырыстарының қарауына енгізуге;
5) Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдарының отырыстарында қарау үшін мəселелер ұсынуға;
6) Құрылтайға есеп беретін лауазымды адамдардың есебін немесе ақпаратын Құрылтай сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
7) депутаттық сауалмен жүгінуге;
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырысқа төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;
9) дауысқа салынған мəселе бойынша өз ұсыныстарын негіздеп сөйлеуге, анықтама беруге;
10) заң жобаларына түзетулер енгізуге;
11) осы Конституциялық заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген қаулылар мен өзге де актілердің жобаларына ұсыныстар енгізуге;
12) Құрылтай депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен таныстыруға;
13) Құрылтай отырыстарының стенограммаларындағы депутаттардың сөйлеген сөздерінің мəтінімен танысуға;
14) осы Конституциялық заңға жəне Құрылтай Регламентіне сəйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.
47-бап. Депутаттың Құрылтай жұмысына қатысуы
1. Құрылтай депутаты Құрылтайдың жəне өзі құрамына кіретін оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының жұмысына қатысуға міндетті.
Құрылтайда депутаттың жеке өзі дауыс беруге тиіс.
2. Құрылтай Төрағасы не тиісінше депутат мүшесі болатын жұмыс органының жетекшісі Құрылтай Регламентінде белгіленген мерзімде Құрылтай отырыстарының, Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдары отырыстарының өткізілетін уақыты мен орны туралы, сондай-ақ олардың қарауына енгізілетін мəселелер туралы депутатқа хабарлайды, оған осы мəселелер бойынша қажетті материалдарды ұсынады.
3. Депутат отырысқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда бұл туралы Құрылтай Төрағасына не тиісінше Құрылтайдың жұмыс органының жетекшісіне күні бұрын хабарлайды.
4. Депутат Құрылтай мен оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының отырыстарына дəлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға берсе, бұл Конституциялық заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді.
5. Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдарының құрамына кіретін депутат кез келген мəселелер мен ұсыныстарды олардың қарауына енгізуге, мəселелерді қарауға дайындауға, талқылауға жəне олар бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешімнің жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға қатысуға құқылы.
Өзі құрамына кіретін Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдарының шешімімен келіспеген депутат Құрылтай отырысында өз көзқарасын баяндауға не ол туралы төрағалық етушіге жазбаша түрде хабарлауға құқылы.
6. Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдарының құрамына кірмейтін депутат көрсетілген органдардың отырыстарына қатысып, ұсыныстар енгізе алады, қаралатын мəселелерді талқылауға жəне кеңесші дауыс құқығымен шешім қабылдауға қатыса алады.
Депутат Құрылтайдың үйлестіру жəне жұмыс органдарының шешімімен келіспеген жағдайда өз ұсыныстарын заң жобасына, қаулы жобасына түзетулер ретінде енгізе алады. Депутат енгізген түзетулер Құрылтай отырысында қаралады жəне олар дауысқа салынады.
48-бап. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар
1. Депутаттық сауал - Құрылтай отырысында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Құрылтай сессиясында негізделген түсіндірме беруін немесе өз ұстанымын баяндауын ресми сұраған талабы.
2. Құрылтай депутатының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметі мүшелеріне, Ұлттық Банкі Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелеріне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы мен мүшелеріне, астананың, облыстардың жəне республикалық маңызы бар қалалардың əкімдеріне сауал жолдауға құқығы бар.
Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыру мəселелеріне қатысты бола алмайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына жолданған сауалдарды қарау Құрылтайдың жабық отырыстарында жүргізіледі.
3. Сауал Құрылтай отырысында жария етілуге тиіс.
Депутат сауалда өзі жүгінетін лауазымды адамды жəне күтілетін жауаптың нысанын көрсетеді.
4. Өздеріне сауал жолданған лауазымды адамдар ол жөнінде Құрылтай Регламентінде көзделген тəртіппен жауап беруге міндетті. Сауалға жауап бір айдан аспайтын мерзімде ұсынылады.
5. Депутаттың талап етуі бойынша сауалға берілетін жауапты лауазымды адам Құрылтай отырысында жария етеді. Сауалға берілген жауап бойынша жарыссөз өткізілуі мүмкін.
Қажет болған кезде сауалға берілген жауап жəне оны талқылау нəтижелері бойынша Құрылтай қаулысы қабылданады. Сауал мен оған берілген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
6. Депутаттар Құрылтай отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметі мүшелеріне, Ұлттық Банкі Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелеріне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы мен мүшелеріне ауызша сұрақтар қоюға құқылы.
49-бап. Құрылтай депутатының лауазымды адамдардың тарапынан кідіртпей қабылдануға құқығы
1. Депутаттық қызмет мəселелері бойынша Құрылтай депутатының мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруіне құқығы, сондай-ақ олардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының тарапынан оның кідіртпей қабылдануға құқығы бар.
2. Қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарға депутаттың бару тəртібі заңда белгіленеді.
50-бап. Құрылтай депутаттарының қызметін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету
1. Құрылтай Аппараты депутатты Құрылтай, оның үйлестіру жəне жұмыс органдары қабылдаған актілермен, сондай-ақ ресми таратылатын ақпараттық жəне анықтамалық материалдармен қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың лауазымды адамдары депутатқа оның депутаттық қызмет і нде туындаған мəселелер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
51-бап. Құрылтай депутаттарының қызметін материалдық, қаржылық жəне əлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету
1. Құрылтай депутаттарына жалақы Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тəртіппен белгіленеді.
2. Құрылтайдың кезекті сессиялары аралығында депутаттарға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
3. Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде тұратын депутаттарға олардың өкілеттік мерзіміне тегін пайдалану шартымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша тұрмысқа жайлы жəне жиhазбен жабдықталған тұрғын үй беріледі.
4. Құрылтай депутаттарының өз сайлаушыларымен өзара қарым-қатынас жасауы, оларды Құрылтай қызметі туралы жүйелі түрде хабардар етіп отыруы, Құрылтайдың, оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының тапсырмаларын орындауы үшін əрбір депутатқа:
1) көлікпен жол жүру құжаттарын кезектен тыс алу;
2) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша іссапарға шығып тұру құқығы беріледі. Бұл ретте іссапар шығыстары Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тəртіппен бөлінетін қаражаттан өтеледі.
5. Құрылтай, оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының тапсырмаларын орындау үшін депутат іссапарға жіберілген жағдайда оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша іссапар шығыстары төленеді.
6. Құрылтай депутаттарына Қазақстан Республикасының астанасы шегінде автомобиль көлігімен қызмет көрсету, оларға емдеу-сауықтыру жəне санаторий-курорт қызметін көрсету Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.
7. Құрылтай депутатының өкілеттік мерзімі аяқталған соң, сондай-ақ ол орнынан түскен немесе Құрылтай таратылған жағдайда жəне жұмысқа орналасқан немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезге дейін оған ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерінде, бірақ өкілеттігі тоқтатылған немесе орнынан түсу туралы өтініш қанағаттандырылған күннен бастап үш айдан аспайтын уақытқа жəрдемақы төленеді.
52-бап. Құрылтай депутатының өкілеттігін жүзеге асыруына кепілдіктер
1. Депутаттық міндеттерін атқаруына бөгет жасау мақсатында депутатқа немесе оның жақын туыстарына қандай түрде болмасын ықпал жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа алып келеді.
2. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың депутат алдындағы өз міндеттерін орындамайтын, оған көрінеу жалған ақпарат беретін, депутаттық қызметтің кепілдіктерін бұзатын лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
53-бап. Депутатқа ешкімнің тиіспеуі
1. Құрылтай депутатын қылмыс орнында немесе ауыр жəне аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, сот тəртібімен қолданылатын əкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Депутатты ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, сот тəртібімен қолданылатын əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін Бас Прокурор Құрылтайға ұсыну енгізеді, мұны Құрылтай отырысында қарауға дайындау үшін Құрылтай Орталық сайлау комиссиясына жібереді. Ұсыну депутатты күдіктінің іс-əрекеттерін саралау туралы қаулымен таныстырудың, ұстаудың, оны күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің, үйқамаққа алудың, күштеп əкелудің, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберудің алдында енгізіледі.
Бас Прокурордың ұсынуы жəне Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы келіп түскен күнінен бастап екі апта мерзімнен кешіктірілмей қаралады жəне Құрылтай тиісті лауазымды адамдардан қосымша ақпарат беруді талап етуге құқылы. Құрылтай уəжді шешім қабылдайды жəне оны Бас Прокурорға жəне анықтау мен алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органының басшысына үш жұмыс күні ішінде жібереді. Депутат өзіне ешкімнің тиіспеуі туралы мəселені Құрылтай қараған кезде қатысуға құқылы.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Құрылтай депутаты қылмыс орнында ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тəулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып жалғастырылуы мүмкін.
Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады.
4. Орталық сайлау комиссиясы іс бойынша шешім қабылдаған тиісті соттан Құрылтай депутатын айыптау бойынша істі қарау нəтижелері туралы ақпаратты сұратып алады жəне оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, Құрылтайға депутаттық мандаттан айыру туралы ұсыну енгізеді.
54-бап. Депутатқа қолданылуы мүмкін жазалау шаралары
1. Депутат Құрылтайдың, оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының отырыстарына дəлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаған жағдайда, оған қатыспаған күндері үшін жалақы төлеуден бас тартылады.
Депутат Құрылтай, оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының отырыстарына дəлелді себепсіз бір айдан артық қатыспаған жағдайда, депутатқа қатыспаған мерзім үшін:
2) көлікпен жол жүру құжаттарын кезектен тыс алудан;
3) іссапарларға шығып тұрудан;
4) іссапар шығыстарын өтеуден;
5) автомобиль көлігімен қызмет көрсетуден;
6) емдеу-сауықтыру жəне санаторий-курорт қызметін көрсетуден бас тартылады.
Бұл туралы шешімді депутат Құрылтай отырысына қатыспаған кезде - Құрылтай Төрағасы, ал Құрылтай органдарының отырыстарына қатыспаған кезде Құрылтай Бюросы қабылдайды.
2. Депутат өзінің дауыс беру құқығын басқаға берген кезде Құрылтай Бюросының шешімімен оған дауыс беру құқығын басқаға берген күн үшін жалақы төлеуден, ал дауыс беру құқығын басқаға қайта берген жағдайда бір айлық жалақысын төлеуден бас тартылады.
3. Осы Конституциялық заңда, Құрылтай Төрағасының шешімінде белгіленген депутаттық əдеп қағидаларын бұзған жағдайда депутатқа мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
2) көпшілік алдында кешірім сұрауға мəжбүр ету;
3) Құрылтайдың бір отырысында сөз бермеу;
4) Құрылтайдың үш отырысында сөз бермеу;
5) Құрылтайдың бір отырысы уақытына отырыс залынан шығарып жіберу;
6) Құрылтайдың үш отырысы уақытына отырыс залынан шығарып жіберу;
7) бір күндік жалақысынан айыру.
4. Депутаттарға аталған шараларды қолдануға байланысты мəселелерді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы дайындайды. Құрылтайдың, оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының отырыстарына депутаттардың келуін, сондай-ақ депутаттың өз дауысын басқаға бермеуін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бақылайды.
5. Құрылтай депутаттарына осы бапта көзделген жазалау шараларын қолдану туралы мəселеге Құрылтайда өкілдігі бар, құрамына депутаттар кіретін саяси партиялардың фракциялары бастамашы болуы мүмкін.
55-бап. Депутаттық əдеп қағидалары
1. Құрылтай депутаттарының депутаттық əдеп қағидаларында олар депутаттық өкілеттігін атқарған кезде, сондай-ақ оны атқармаған кезде басшылыққа алуға тиіс мінез-құлық нормалары айқындалады. Бұл нормалар мынадай:
1) бір-біріне жəне Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс жəне консультативтік-кеңесші органдарының, депутаттық бірлестіктердің жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға сыйластықпен қарау;
2) сөйлеген сөздерінде депутаттардың жəне басқа да адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз айыптауды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбау;
3) заңсыз жəне күш қолданатын əрекеттерге шақырмау;
4) Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс жəне консультативтік-кеңесші органдарының, депутаттық бірлестіктердің қалыпты жұмысына кедергі келтірмеу;
5) Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс жəне консультативтік-кеңесші органдарының отырысында сөз сөйлеуді жеке өтініші мен депутаттық өкілеттікті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де өтініш үшін пайдаланбау;
7) басқа адамдардың сөзіне түсініктеме бермеу;
8) өз əрекеттерімен намысқа тиетін қимыл-ишарат жасауға, сес көрсетуге жəне қорлауға жол бермеу.
2. Депутат мемлекеттік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар ақпаратты ондай құпияларды сақтаудың белгіленген тəртібін сақтай отырып пайдалануға міндетті. Депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру кезінде өзіне белгілі болған мəліметтер Құрылтайдың, оның үйлестіру жəне жұмыс органдарының жабық отырыстарында қаралған мəселелерге қатысты болса, депутат бұл мəліметтерді жария ете алмайды.
3. Депутат депутаттық бланкілерді тек ресми сауалдар, хаттар, құжаттар үшін ғана пайдаланып, оларға өзі қол қоюға міндетті.
4. Құрылтайдың атынан өкілдік етуге арнаулы өкілеттігі жоқ депутат басқа мемлекеттердің лауазымды адамдарымен жəне мемлекеттік органдарымен тек өз атынан ғана қарым-қатынас жасай алады.
Бұл ретте депутат Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға, өз əрекеттерімен Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмеуге, сол сияқты басқа мемлекеттердің заңдарын бұзбауға, оларда тұратын халықтардың ұлттық дəстүрлері мен салттарын құрметтеуге міндетті.
5. Депутат масс-медиада, баспасөз конференцияларында, митингілерде, өзге де көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде немесе мəлімдемелерінде анық жəне тексерілген фактілерді ғана пайдалануға, қоғамдық пікірді бұрмалайтын пайымдауға жол бермеуге, кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздерді қолданбауға міндетті.
Сынап сөйлеген сөздерінде шындыққа үйлеспейтін не тексерілмеген фактілерді қасақана немесе абайсызда қолданып қалған жағдайда, мүдделері мен намысына нұқсан келген ұйымдардан, органдар мен адамдардан көпшілік алдында кешірім сұрау - депутаттың парызы.
6. Депутаттық əдеп қағидаларын бұзған депутатқа осы Конституциялық заңға сəйкес жазалау шаралары қолданылады.
56-бап. Депутаттық əдеп жөніндегі кеңес
1. Депутаттар депутаттық əдеп қағидаларын бұзған жағдайда оларға жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар əзірлеу үшін Құрылтай Төрағасының жанынан кеңесші орган - Депутаттық əдеп жөніндегі кеңес құрылады.
2. Депутаттық əдеп жөніндегі кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Конституциялық заңды жəне Құрылтай Регламентін басшылыққа алады.
3. Депутаттық əдеп жөніндегі кеңес:
1) депутаттардың масс-медиадағы жəне онлайн-платформалардағы сұхбаттарына, мақалаларына жəне басқа да жария сөздеріне депутаттық əдеп қағидаларын бұзу белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан мониторингті жүргізеді;
2) депутаттардың мінез-құлқына жеке жəне заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;
3) депутаттардың депутаттық əдеп қағидаларын сақтау мəселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
4) депутаттық əдеп қағидаларын бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында депутаттармен профилактикалық жəне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;